Қостанайға БҚО-дан көмек керуені жолға шықты

8 Қыркүйек 2022, 16:23
1722
Бөлісу:
Қостанайға БҚО-дан көмек керуені жолға шықты
PHOTO

Еліміздің басқа өңірлерімен қатар Батыс Қазақстан облысының тұрғындары да Қостанай облысында табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек ұйымдастырды, деп хабарлады  сол өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін 20 тоннадай гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігі жолға шықты.

 «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының БҚО филиалының төрағасы Архат Исламғалидің айтуынша, облыс тұрғындарының, кәсіпкерлердің, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының қолдауымен гуманитарлық көмек жиналып, жүк көліктері бүгін жолға шықты. Орал қаласында «AMANAT» партиясы БҚО филиалы ғимараты мен Достық үйінде гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылды. Сондай-ақ аталған партияның барлық аудандық филиалдары жанынан да қабылдау пункттері ұйымдастырылды.

Қостанайға БҚО-дан көмек керуені жолға шықты

Тұрғындар қабылдау пункттеріне негізінен азық-түлік, гигиеналық заттар, балалардың киім-кешегі мен жөргегін тапсырды. «AMANAT» партиясының өкілдері қол ұшын созған тұрғындарға алғыстарын айтуда. 

Қостанайға БҚО-дан көмек керуені жолға шықты

Партияның өңірлік филиалы төрағасының бастамасымен Қостанайға арнайы ашылған шотқа 23 миллион теңге аударылды. Партияның өңірдегі қызметкерлері бір күндік жалақыларын – 660 340 теңге жинады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударды, - дейді Архат Исламғали. 

Қостанайға БҚО-дан көмек керуені жолға шықты

Еске сала кетсек, БҚО-да табиғи апаттан зардап шеккен қостанайлықтарға қаражат жинау үшін орталықтандырылған есепшот ашылған еді. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиев Фейсбуктегі парақшасында  хабарлап: «Қостанайлық әріптестер түсетін қаражаттар бір есепшотқа жиналып, қоғам өкілдерінен тұратын комиссия құрылатынын және түскен қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы есеп берілетінін де айтты. Сондай-ақ, қазіргі таңда азық-түлік пен киім-кешектің аса қажеттілігі жоқ екенін және қажетті нәрселер жиналған қордан қарастырылып алынатынын жеткізді. Өкінішке орай, осындай төтенше жағдай кезінде алаяқтардың да пайда болатыны белгілі. Сол себепті көмек көрсетуге ниет білдірген батысқазақстандықтар үшін орталықтандырылған бір есепшот (Kaspi Bank: 4400 4302 8692 1520) ашылғанын хабарлаймын» деп жазған болатын.

Өзгелердің жаңалығы