Қостанайдың орман алқабына 250 мың түп қайың егіледі

24 Сәуір 2020, 17:32
2797
Бөлісу:
Қостанайдың орман алқабына 250 мың түп қайың егіледі

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайды көгалдандыру жұмыстары қыркүйек-қазан айларына қалдырылды. Бірақ орманшылар ұзақ уақыт күте алмайтынын айтады. Қазір қала маңындағы орман шаруашылығы мамандары қайың көшеттерін отырғызуды бастап кетті.

Тобыл қаласы маңындағы көшет алқабында жұмыс қызып тұр. Орманшылар жас қайыңдарды бүр жармай тұрып егіп үлгермек. Олар көшеттерді бірнеше апта бойы баптап, уақытша қоймада сақтады.

Әрине, қазіргі жағдайды түсінеміз. Егер біз осы кезеңде жұмысшыларды үйге жіберсек, онда барлық еңбегіміз зая кетеді. Көшеттер тамыз жайып кеткен соң қазылып алынса, онда олардың жерсінуі бірнеше есе төмендейді. Процесті неғұрлым ерте бастасақ, соғұрлым еңбегіміз жемісті болады. Бұл жұмыстарды жүргізудің оңтайлы мерзімі – 15 сәуірден 15 мамырға дейін, - дейді "Пригородный орман шаруашылығы және табиғи ресурстар басқармасы" КММ көшеттік бастығы Анатолий Маркитан.

Толик.jpg

Биыл көшеттіктің қызметкерлері 250 мың қайың ағашын отырғызуды жоспарлап отыр. Тобыл қаласы маңындағы көшет алқабы Қостанай облысында ормандарды қалпына келтіруші екі үлкен алқаптың бірі. Әулиекөл ауданында қарағай өсірілсе, мұндағылар қайың баптауға мамандандырылған.

Біз қайыңның 250 мың көшетін Сарыкөл тас жолының 27 шақырымында орналасқан орман шаруашылығы мекемесіне тиесілі аумаққа егеміз. Бір гектарға шамамен 5 мың көшет сыяды. Яғни осы көктемде біз 50 гектарға қайың отырғызамыз. Бұл дегеніңіз тұтас бір орман. Ағаштарды еккеннен кейін қараусыз қалдырмаймыз, қалай өсіп жатқанын бақылауда ұстаймыз. Бірінші күзде түгендейміз, содан соң үш жылдан кейін және тағы бір бес жылдан кейін. Осы уақыт ішінде көшеттер биіктігі 1,8-2,2 метрге дейін өседі, - деп толықтыр сөзін Анатолий Маркитан.

Орманшы ағашты адаммен салыстырады. Оның да бірнеше өсу кезеңдері бар: көшет, жас тал және нағыз ағашқа айналған кезі. Тіпті, Анатолий Маркитан оларда да зейнет жасы бар екенін айтады. Қостанай облысында өсіп жатқан қайыңдардың өмір сүру ұзақтығы он жылға – 65-тен 75 жасқа дейін ұлғайғалы көп бола қойған жоқ.

Тобыл қаласындағы көшет алқабында қайыңнан басқа, тағы 19 түрлі ағаш өсіріледі. Бірақ, көптеген сатып алушылардың бірінші сұрайтыны – қайың.

Өңделетін 14 гектардың 80%-ын қайың тұқымдарын өсіруге пайдаланамыз. Қалғанын шағын партиямен егеміз. Емен, шаған, орман алмасы, шетен, бәрі бар бізде. Өткен жылы облыс орталығын көп ағаш егілді. Соның көбісі біздің алқаптың көшеттері, - дейді орманшы-эколог.

Осы жылы Қостанай қаласын көгалдандыру карантинге байланысты күзге шегерілді. Мамандардың кеңесінше, көшеттерді егу жұмыстарын ағаш жапырақтары түскен уақытта жүргізген абзал. Ағаштарды көктемде немесе күзде отырғызудың өзге айырмашылығы жоқ. Жылдың осы екі кезеңінде ағаштың тамыр жүйесі өте белсенді дамитынын айтады орманшылар.

Өзгелердің жаңалығы