Бұл туралы Қостанай облысының ТЖД төтенше жағдайларды алдына алу бөлім бастығының міндетін атқарушы Ескендір КубаевОрталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қостанай облысында су айдындарындағы су деңгейі орта есеппен 1 метрден артық төмендеді. Бүгінгі таңда аймақ бойынша су тасқыны ерекше бақылауда. Қостанай, Арқалық, Амангелді, Жанкелді, Қарасу және Қостанай аудандарының аумағында жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланған режимі жалғасып жатыр, - деп атап өтті облыстық ТЖД өкілі.
Айтуынша, алайда Желқуар, Жоғарғы Тобыл, Қаратомар су қоймаларына баса назар аударылуда.
Облыс бойынша су тасқыны кезінде барлығы 9099 адам, оның ішінде 1808 бала құтқарылды және эвакуацияланды. ТЖ жоюға 2 088 адам және 363 бірлік техника, 136 мотопомпа, 25 жүзу құралы жұмылдырылды. Ағымдағы тәулікте облыс бойынша 284 мың м3 еріген су сорылды», - деді Ескендір Кубаев.