Қостанайдағы өртке кінәлі күдікті іздестіріліп жатыр

25 Мамыр 2023, 09:42
888
Бөлісу:
Қостанайдағы өртке кінәлі күдікті іздестіріліп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Қостанайда қамыс өртінің салдарынан Тобыл өзені жағасындағы тұрғын үйлер жанып кете жаздады, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Бейбіт күнде тілсіз жаудың салдарынан қауіпсіз жерге бас сауғалаған куәгерлер өрттің қасақана қойылғандығын алға тартуда. Тіпті кейбіреулері өзен жағасында от жағып жатқан ер адамды өз көзімен көргендерін жеткізді.

Қазақта «өзен жағалағаның өзегі талмайды» деген нақыл сөз бар. Бірақ, бұл сөз Қостанай қаласының шетіндегі «Жағалу» деп аталатын көшенің тұрғындарына қатысты емес секілді. Себебі, бұл көшені мекендеп жатқан халық қыстан басқа жылдың төрт мезгілінде шыбын жандарын шүберекке түйіп отыратын болды. Оның өзіндік себебі де бар. Дәлірек айтқанда осыдан бір жыл бұрын жұрт жеңіс күнін тойлап жатқанда осында жиырма шақты баспана жанып кеткен болатын. Ондада өртке себеп болған осы өзен жағасындағы жылдар бойы қауғадай болып өсіп тұрған қамыстар еді. Бұл жолыда сол оқиға қайталана жаздады.

Қостанайдағы өртке кінәлі күдікті іздестіріліп жатыр

24 мамырда сағат түскі 13:25-те қаланың «КСК» деп аталатын шағын ауданындағы Мичурин көшесінің екінші тұйығы мен Красносельский көшесінің қиылысындағы екі гектар аумақта қураған шөп пен қамыс өртеніп өзен жағалап келе жатқаны туралы хабар келіп түседі.

Өрттен шыққан түтін қаланың әр түпкірінен көрінді. Көптеген қостанайлық тұрғындар былтырғы 9 мамырдағы Набережная көшесіндегі төтенше жағдайды еске алып, бойларын үрей билегені анық. Биылда сол жағдай қайталанды деп айтуға болады. Сол өзен жағасындағы қамыс қайтадан өртеніп, тағы да Тобыл жағалауын мекендеп отырған халыққа қауіп төнді.

Қостанайдағы өртке кінәлі күдікті іздестіріліп жатыр

Біз өрт болып жатқан жерден іргелес жатқан Ключевой көшесіне сағат 14:00- де жеттік. Алдымызда құқық қорғау , құтқару, өрт сөндіру қызметінің самсаған техникасы тұр. Өрт сөндіру қызметінің мамандары бір аумақтағы тілсіз жауды ауыздықтапты. Жағалуадағы тұрғын үйлердің аулалар мен қораларында сақтаған газ баллондарын қауіпсіз жерге тасып жатыр екен. Осы үйлердегі отыздан астам үйдің иелеріде қауіпсіз жерге көшіріліпті.

Біз бұл жердегі тілсіз жауға тойтарыс бердік. Енді жағалауға қарай бет алдық. Себебі, желдің екпіні солай өзгереді. Өрт онкологиялық аурухананың қасынан басталып, орталыққа қарай жылжып келеді. Қазір біз Сьянова көшесіне барып, өрттің алдынан тосқауыл жасаймыз. Өткен жылғы тарих қайталанама деп қорқып, дер кезінде әрекет еттік. Мұнда бірден бірнеше құрам келді. Өз нәтижесін беріп, бұл көшедегі өрт ауыздықталды. Былтыр өртпен қанша алыссақта нәтиже болмап еді. Өйткені ол кезде қалада төрт өрт болған. Қолымыз босағанша жағалауда бәрі жанып кетті, - деді алдымыздан асығып келесі өрт орына бара жатқан өрт сөндіруші.

Қостанайдағы өртке кінәлі күдікті іздестіріліп жатыр

Біз Сянов көшесінен шығып, Шипин көшесін бетке алдық. Аталмыш көшенің соңына бардық. Бұл ара кезекті тілсіз жаудың өрт ошағы екен. Біз жеткенге дейін жақын маңдағы 10 үйдің тұрғындарын полиция эвакуациялап үлгерген.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде атап өткендей, осы сәтте 35 адам қауіпсіз жерге шығарылыпты. Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев өзінің орынбасары Алмат Исмағұловпен бірге оқиға орына жетті.

Біздің бұл жер қамыстан тазартылғаны қайда?, - деген сұрағымызға қала әкімі бұлай деп жауа берді.

Үлгермей жатыр. Бізде қаланың түкпір-түкпірінде жылдар бойы өсіп тұрған қамыс көп. Оны тазалауға енді ғана кірісті. Ақшасыз мұны істеу қиын, - деп жауап берді Қостанай қаласының әкімі Марат Қонысбайұлы.

Қостанайдағы өртке кінәлі күдікті іздестіріліп жатыр

Жергілікті тұрғындар өрттің телеорталықтан шыққанын айтады. Түтін шыққан бойда полиция келіп, бәрін эвакуациялаған. Адамдар өздерімен бірге ең қажетті деген заттарды алып үлгеріпті.

Надежда Шмат мұнда жыл сайын қамыс өртенетінін айтады. Өткен көктемде бәрі тез сөндірілген. Бірақ кейін осы жолғыдай қатты жел болмаған. Қазір жергілікті тұрғындар өз үйнің қасында от жағып, шашлык пісіруден де қорқады.

Әкімдік жеке секторды бұзып, орнына жаңа баспана берсе екен. Өйткені, біз нағыз қауіптің ортасында өмір сүріп жатырмыз. Біздің бау-бақшадан соң жағалау көрініп тұр. Ал, ол жер толған қамыс. Олар өртеніп, мұнда ұшқын ұшса, біз бірден жанып кетеміз,- дейді қала тұрғыны Надежда Шмат.

Қостанайдағы өртке кінәлі күдікті іздестіріліп жатыр

Оқиға орнында кезекшілік атқарған апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері өрттен ешкім зардап шекпегенін, тек бір әже қобалжудан ауырып қалғанын атап өтті.

Егер өрт сөндірушілер болмаса, біз жанып кетер едік. Жарайсыңдар, тез әрекет еттіңдер. Оларға үлкен рахмет. Өрт сөндірушілер бәрін тез ауыздықтады, - деп алғысын білдірді Гузель Мажкеева.

Қостанайдағы өртке кінәлі күдікті іздестіріліп жатыр

Біз құтқарушылардың жұмысын бақылап отырғанымызда өрт сөндіруші Кирилл Мартыненко есімді азаматпен сөйлесудің сәті туды. Жігіт өрттің қасақана қойылған нұсқасы бар екенін айтты.

Қостанайдағы өртке кінәлі күдікті іздестіріліп жатыр

Өрт шығардан бұрын велосипед мінген бала осы жерден өтіп бара жатып, күдікті ер адамды көрген. Ол қолындағы бір затты жағып жанындағы өсіп тұрған екі бұтаға от қойыпты. Қазір полиция баланы ертіп, күдікті адамды іздеп жүр,- дейді Кирилл Мартыненко.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанына сілтеме жасап, бұл туралы әзірге түсініктеме берген жоқ.

Бұл өртке жоғары шақыру деңгейі тағайындалды. Бақытымызға орай, өрттен тұрғын үй секторы мен ауладағы қора-қопсыға таралуына жол бермеді. Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Сағат 16:28-де өрт толығымен өшірілді.

Өзгелердің жаңалығы