Қостанайда жол ережесін бұзғаны үшін инспекторға 10 мың теңге пара ұсынған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты. Жүргізуші қызыл жарықта қиылыстан өтіп, инспектор оны тоқтатқан кезде патруль көлігінде бірнеше рет пара ұсынған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Инспектор параны қабылдамай, оқиғаны құқық қорғау органдарына хабарлаған. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Сотта мемлекеттік айыптаушы пара беруге талпынғаны үшін 1 жыл 10 ай 15 күнге бас бостандығынан айыру жазасын ұсынған. Алайда, сотты өкініш білдіргенін ескере отырып, жүргізушіге айыппұл – 112,5 мың теңге төлеу жазасы тағайындалды.
Қосымша жазалау ретінде сот оған мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салды.