Ішкі істер министрлігі 5 жасар Мадина Ерланқызының денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бектенов жеті ай ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қанша қылмыс тіркелгенін баяндады
Еске сала кетсек бұған дейін Қостанай облысының ПД іздестіру баланың ерекшеліктерін ескере отырып, тыныштық режимінде жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Аумақты тінту бағыты өзгерген. Егер бұрын аумақты зерттеу Тобыл өзенінің бойымен жүргізілсе, енді Тобылдан Жамбыл ауылына қарай бағыт алған еді.
Түнде жылу таратқышы бар арнайы бөлімшелер жұмыс істеді, барлау тактикасы қолданылды.Таңертең төрт бағытта 100 шақырымға дейін созылған іздеу аймағын айналып өту қайта басталды. Іздеуді еріктілер, жанашыр азаматтар, сондай-ақ Ұлттық ұлан, ШҚ, ҚР ҰҚКД әскери қызметшілері, кинологтар, полицейлер, ТЖД және басқа да құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері жалғастырған. Санаулы минут бұрын қыз баланың денесі табылды. Полиция оның суға батып кеткенін хабарлады