Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Қостанайда қатты жаңбыр жауып, халықаралық әуежай ғимаратының бірінші қабатын ішінара су басты деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл бірден қала тұрғындарының наразылығын тудырды. Өйткені, әуежай жақында ғана қайта жөндеуден кейін есігін айқара ашқан еді.
Жөндеу жақында ғана жүргізіген, нәтижесі міне. Бұған жауапты адамдарды дереу шақырып, жауапқа тарту керек. Ұят жағдай, – деді Наталья есімді тұрғын.
Жөндеу жұмыстарын жүргізген түрі, – деді Андрей есімді азамат.
Әуежайдың хабарлауынша, су тасқынына нөсер жауын себеп болған. Жаңбыр салдарынан нөсер канализациясы толып, ұшу залын су басқан. Қазіргі кезде қолайсыз ауа райы салдары жойылды.
Бұл Қостанай әуежайына қатысты бірінші оқиға емес. Наурыз айының басында желіде Қостанай әуежайының реконструкциядан кейінгі видеосы тарады, онда адамдардың баспалдақпен көтеріліп, қабырғаға бір-ақ тірелетіні түсірілген. Әуежай басшылығы бұны ғимаратта жөндеу жұмыстары, жобалау шешімдерінің толық аяқталмағанымен түсіндірді. Кейіннен қабырғада есік орнатылған.