Қостанайда 5 қабатты тұрғын үй өртеніп, 12 адам эвакуацияланды, оның 4-уі бала, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қостанай қаласында сағата 11-50-де 5 қабатты тұрғын үйде, 4-қабатта ас үй-жайда өрт шықты.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде 4 бала бар. Сағат 12-08-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын-ала себебі-электр жабдықтарының қысқа тұйықталуы.
Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамының 14 адам мен 4 техника жұмылдырылды,-делінген хабарламада.