Торғай ауданының Аралбай және Көлқамыс ауылдарының 180-нен аса эвакуацияланған тұрғыны тікұшақ арқылы үйіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары Қостанай облысы Торғай ауданы Аралбай және Көлқамыс ауылдарының 180-нен астам эвакуацияланған тұрғындарын үйлеріне қайтарды. Ал Әуе қорғанысы күштері әскери институтының ұшқыштары жергілікті халыққа гуманитарлық көмек көрсетті, - делінген хабарламада.