Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қостанайда теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары басталды

30 Қараша 2025, 12:13
289
Бөлісу:
 "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
Фото: "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Көліктік инфрақұрылымды жаңарту және сапасын арттыру мақсатында Қостанай облысында алты теміржол вокзалына кезең-кезеңімен реконструкция жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жобаны іске асыруға 5,3 млрд теңге бөлінді. Жаңғырту жұмыстары Қостанай қаласында, сондай-ақ Арқалық, Тобыл, Железорудная, Аманқарағай және Құсмұрын станцияларында жүзеге асырылуда.

Реконструкция аясында жолаушылар мен теміржол қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасауға бағытталған кешенді шаралар қарастырылған. Ғимараттардың қасбеттері жаңартылып, ішкі үй-жайлар қайта жөнделеді: шатыр ауыстырылады, күту залдары, касса аймақтары мен санитарлық тораптар жаңартылады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандустар орнату көзделген.

Қауіпсіздік мәселелеріне де ерекше назар аударылуда: бейнебақылау және дауыс зорайтқыш жүйелері жаңартылады. Сонымен қатар, іргелес аумақтарды абаттандыру жоспарда бар — көгалдандыру, орындықтар орнату, жарықтандыруды жаңарту және автотұрақ аймақтарын жақсарту жұмыстары жүргізіледі.

Жобаның жүзеге асырылуы өңір тұрғындары мен қонақтары үшін вокзалдарды барынша жайлы, заманауи және қауіпсіз етеді, сондай-ақ облыстың көліктік нысандарының келбетін айтарлықтай жақсартады.

Жаңғыртылатын нысандар тізімі:

  • Қостанай қаласының вокзалы
  • Железорудная станциясының вокзалы
  • Тобыл станциясының вокзалы
  • Аманқарағай станциясының вокзалы
  • Арқалық станциясының вокзалы
  • Құсмұрын станциясының вокзалы

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жаңарған вокзалдар өңір тұрғындары мен қонақтары үшін одан да ыңғайлы әрі тартымды болады.

Өзгелердің жаңалығы