Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қостанайда су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу жалғасып жатыр

3 Сәуір 2024, 12:55
562
Бөлісу:
 Қостанай облысының әкімдігі
PHOTO
Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Бір апта ішінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар 60 млн теңгеге 327 өтініш берген. 1 сәуірдегі жағдай бойынша барлық өтініштер қанағаттандырылып, арызданушыларға материалдық көмек көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облысының әкімдігінің мәлімдеуінше, бір отбасына берілетін 50 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем 184,6 мың теңгені құрады.

Қостанайда су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу жалғасып жатыр

Екінші маңызды бағыт – су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу. Төлемді тағайындау мүлікке, оның ішінде тұрғын үй, техника және малға келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссияның жұмысын қамтиды.

Тиісті көмек алу үшін зардап шеккен аудан тұрғындары құжаттарын қоса тіркей отырып, учаскелік комиссия немесе ауылдық округ әкіміне өтініш жазуы қажет.

Қостанайда су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу жалғасып жатыр

Қазіргі уақытта зардап шеккен аудандарда келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссиялардың жоспарлы жұмысы жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы