Қостанайда референдумды қолдаудың өңірлік қоғамдық штаб өкілдері кездесті

26 Мамыр 2022, 14:29
1756
Бөлісу:
Қостанайда референдумды қолдаудың өңірлік қоғамдық штаб өкілдері кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қостанай қаласында Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлолар және Қостанай облыстарының референдумды қолдаудың өңірлік қоғамдық штаб өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуді республикалық референдумды қолдау штабының төрағасы Төлеубек Мұқашев басқарды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүкілхалықтық референдум өткізу жөніндегі республикалық қоғамдық штаб құрылды. Кездесу барысында облыстарда атқарылып жатқан жұмыстармен тәжірибе бөлістік.

Өңірлерле штаб жұмысына маслихат депутаттары, ҚАА, ардагерлер ұйымы, іскер әйелдер қауымдастығы, волонтерлер лигасы, кәсіпкерлер және блогерлер тартылған.  

6 мамырдан бастап барлық өңірлерде баспасөз конференциясы өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қазір барлық құрылымда жұмыс істейтін материалдар бар. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне референдум елеулі үлес қосады.

Өзгелердің жаңалығы