Қостанайда ТЖМ қызметкерлері пәтерді өрттен сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Қостанайда Ленинградская көшесінде орналасқан екі пәтерлі тұрғын үйдің бірінде өрт шығып, оқиға орнына өрт сөндіру есепоптары жедел түрде жолданды.
Оқиға орнына барған құтқарушылар ғимараттың төбесі жанып жатқанын анықтады. Жағдайды бағалай отырып, құтқарушылар адамдарды түтін аймағынан дереу эвакуациялауға кірісті. Олардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында 12 жастағы жасөспірім мен 19 жастағы жігіт жанып жатқан үйден қауіпсіз жерге шығарылды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Өрт толығымен жойылып, оның одан әрі тұрғын үй-жайлар мен екінші пәтерге таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз: