Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қостанайда пойыз трактормен соқтығысып, бір адам қаза тапты

27 Сәуір 2025, 18:35
1756
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Қостанай облысында пойыз бен трактордың соқтығысуы салдарынан трактор жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, қайғылы оқиға 27 сәуір күні таңертең Есіл – Арқалық учаскесіндегі реттелетін теміржол өткелінде болған.

Өткізу сигнализациясы дұрыс жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, трактор жүргізушісі жол жүру ережесін өрескел бұзып, пойыздың жолына шығып кеткен. Машинист шұғыл тежеу қолданғанымен, соқтығыстың алдын алу мүмкін болмады, – деп мәлімдеді ҚТЖ өкілдері.

Оқиға салдарынан трактор жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

ҚТЖ өкілдері тағы бір мәрте жүргізушілерге теміржол өткелдерінен өту кезінде жол жүру ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертті.

Өзгелердің жаңалығы