Қостанай облысында полицейлер аязда жолда қалған 100-ден астам шетелдік азаматқа көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
22 ақпанда Қарабалық кентінің маңындағы республикалық маңызы бар М-36 Екатеринбург-Алматы автожолында екі автобус бұзылып істен шықты. Автобустардың жанар-жағармайы қатып қалған.
Бірінші Тәжікстан-Екатеринбург бағытындағы автобусының ішінде 55 Тәжікстан азаматы, оның ішінде 6 бала болған. Екінші автобус Шымкент-Челябі бағытында Өзбекстанның 58 азаматы, оның ішінде 12 бала болған. Барлық жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылып, Қарабалық кентінің жылыту пункттеріне орналастырылды, - делінген мәліметте.
Бұл жерде құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеді.