Қостанай облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көктемгі-жазғы кезең егістікте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбау фактілерін анықтау үшін басты уақыт болып табылады. Мамыр айынан бастап тұрақты қар жамылғысы орнағанға дейін ҚР АШМ ЖРБК Жер ресурстарын басқару департаментінің инспекторлары егістіктің жай-күйін тексеру және көзбен шолып қарау үшін облыс өңірлеріне баруды жүзеге асырады.
Мәселен, Департамент инспекторлары 134 мың га жалпы алаңда 182 тексеру жүргізді, оның ішінде 105,4 мың га алаңда 129 бұзушылық анықталды. Барлық жер пайдаланушыларға 1 жыл мерзімге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Бұдан басқа, барлық учаскелерге әділет органдарында ауыртпалықтар салынып, жер пайдаланушыларға пайдаланылмайтын учаскелер бойынша жер салығының базалық мөлшерлемесінің 20 есеге ұлғаюы туралы ескертілді.
Бұзушылықтар жойылмаған жағдайда жер сот тәртібімен мемлекеттік меншікке қайтарылатын болады.