Қостанай облысының құтқарушылары өрт кезінде 5 газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, Жітіқара қаласындағы гараж кооперативінде гараж ішінде 15 шаршы метр алаңда жиһаз жанған.
Өртті сөндіру барысында ТЖМ күштері 5 газ баллонын эвакуациялады. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - деп атап өтті ведомстводан.
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.