Қостанайда кәсіпорын өртке оранды

Бүгiн, 08:10
110
Бөлісу:
Қостанайда кәсіпорын өртке оранды
Фото: видеодан кадр

Қостанайлық өрт сөндірушілер жанып жатқан трансформаторды сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін түнде Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылында кәсіпорындардың бірінің трансформаторы жанып, өрт жақын тұрған электр цехының шатырына көшкен.

Ауа-механикалық көбікті қолданған өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт одан әрі жайылмай толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы