Қостанайда эвакуацияланған 39 адамның 15-і үйлеріне оралды

6 Сәуір 2023, 15:14
713
Бөлісу:
Қостанайда эвакуацияланған 39 адамның 15-і үйлеріне оралды
Фото: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қазір Карамырза ауылында Тімтуір өзеніндегі судың деңгейі 30 см-ге төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарамырза ауылынан 20 км жерде, Тімтуір өзені бойынан жоғары орналасқан Кошевой ауылына жақын жердегі гидробекетте өткен тәулікте су деңгейінің 1 метрге төмендегені байқалады.

Өзендегі су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде 17 тұрғын үйдегі су деңгейі азайды. Құтқарушылар 6 және портативті мотопомпалардың көмегімен үйлерден су сору жұмыстарына кірісті. Эвакуацияланған 39 адамның 15-і үйлеріне оралды, 24 адам туыстарының үйлерінде қалды, - делінген ведомство мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы