Қостанайда екі шетелдік дроппер ұсталды

22 Қазан 2024, 20:07
330
Бөлісу:
Қостанайда екі шетелдік дроппер ұсталды
PHOTO VIDEO
Фото: Polisia.kz

Шілде айынан бастап Қазақстанға келген 30 жастағы көршілес елдің азаматы Ақтөбе, Атырау және Ақтау қалаларында алаяқтар жымқырған ірі көлемдегі ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап. 

Кейін ол ақшаны Тelegram арқылы "кураторлар" жіберген банк карталарына аударған.

Оның 21 жастағы көмекшісі өзінің қылмыстық әрекетін сыбайласынан тәжірибе жинау арқылы бастаған.

Қостанайда екі шетелдік дроппер ұсталды

Екеуі де қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталды.

Жеке тінту барысында олардың жалдамалы пәтерінде полиция қызметкерлері үшінші тұлғалардың телефондары мен банк карталарын тәркіледі.

Қостанайда екі шетелдік дроппер ұсталды

Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды.

Полицейлер тергеуді жалғастырып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы