Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда қоғамдық көліктің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарланды alau.kz сайтында.
Облыстық полиция баспасөз қызметінің өкілдері 6 қыркүйекте болған оқиға туралы айтып берді.
Шамамен 20:50-де Қобыланды батыр даңғылының бойында маршруттық автобус 54 жастағы әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен әйелді дереу ауруханаға жеткізіп, жансақтау бөліміне жатқызған.
Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр.