Қостанайда 3 жасар бала анасын балконға қамап қойды

19 Ақпан 2025, 11:52
733
Бөлісу:
Қостанайда 3 жасар бала анасын балконға қамап қойды
VIDEO
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Бұл туралы ТЖМ Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бала пәтерде ересектерсіз жалғыз қалып қойған, ал дәл осы уақытта пеште тамақ дайындалып жатқан екен. Егер анасы дер кезінде құтқарылмаса, тамақ күйіп, түтіндеуі мүмкін еді. 

Абырой болғанда әйелдің өзімен бірге телефоны болып, ол 112 желісіне қоңырау шалған. Келген құтқарушылар жоғарыдағы пәтерден балконға түсіп, есікті ашқан.


 

Өзгелердің жаңалығы