Қостанайлық өрт сөндірушілер өрттен 25 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Қостанай қаласы "Юбилейный" шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерлердің бірінде жиһаздың жануы орын алды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді. ТЖМ құтқарушыларының күшімен баспалдақ маршы арқылы 25 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Белгілі болғандай, өрт толығымен 15 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.