Қостанайда 100 оқушы этнолагерьде демалды

15 Шілде 2022, 17:17
1489
Бөлісу:
Қостанайда 100 оқушы этнолагерьде демалды
PHOTO
Фото: автордан

Қостанай облысы,BAQ.KZ тілшісі. Балалар жылы аясында Қостанай облысында жүз оқу озаттарының  басын біріктірген бір күндік этнолагерь ұйымдастырылды.

Аталшыш тың бастамаға Алтынсарин ауданы мектептерінің белсенділері, спортшылары, оқу озаттары қатысты. Осынау тың бастаманың
ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Самат Акишев пен аудан әкімі Арнұр Сартов қастысып өз
бағаларын берді.

Қостанайда 100 оқушы этнолагерьде демалды

Облыс аумағында тұңғыш рет қолға алынып отырған тың бастаманың ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай ерекше тәрбиелік қадамдар арқылы өскелең ұрпақтың санасына қазақ дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын сіңірсе өз жемісін бермек.

Қостанайда 100 оқушы этнолагерьде демалды

Қазір жазғы демалыс. Оқушыларымыз үшін демалысты тиімді өткізу өте маңызды. Биылғы балалар жылы аясында «Жайдарлы жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шара шәкірттеріміздіңбойына ұлттық құндылықтарды дарытанына сенімдімін , - дейді «Алтынсарин ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Ақмаржан Бермағанбетова.

Қостанайдың қалың қарағайлы орнманының арасында орналасқан балалардың «Светофор» демалыс лагерінде өткен рухани демалысты
«Жайдарлы жастар» қоғамдық қоры мен Алтынсарин ауданының білім бөлімімен бірлесіп ұйымдастырғанын айта кеткен жөн. 

Қостанайда 100 оқушы этнолагерьде демалды

Шара барысында қыздар қазанда бауырсақ дайындаса ұлдар садақ ату, арқан тарту, қол күресте өз күштерін сынап көрді. Ұлттық киімдерді киіп көру бойынша шеберлік сыныптарына қатысты. Оларға облыстың жас өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Демалыс би кешімен және алау жанында патриотттық ән шырқаумен аяқталды,-дейді «Жайдарлы жастар» қоғамдық қорының басшысы Марғұлан Бәкір.

Қостанайда 100 оқушы этнолагерьде демалды
Өзгелердің жаңалығы