«Қостанай Жылу энергетикалық компаниясына» 14 млн теңге айыппұл салынды

16 Наурыз 2023, 22:31
702
Бөлісу:
«Қостанай Жылу энергетикалық компаниясына» 14 млн теңге айыппұл салынды
Фото: astanatv.kz

Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы» МКК-на 14 702 400 теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылы Қостанай қаласы тұрғындарының ұжымдық шағымдарының негізінде, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы» МКК-ның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бөлігінде Тоқымашылар көшесі 9а үйі (13 пәтер), Пушкин көшесі 183 (30 пәтер), 8 шағын аудан 22 үйі (107 пәтер) мекенжайлары бойынша жылумен жабдықтау қызметтері үшін ақы есептеудің заңдылығы бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізді, - делінген хабарламада.

Осы тексерулердің нәтижелері бойынша, ТМРКД барлық мекенжайлар бойынша пәтер иелері арасында нақты жеткізілген жылу энергиясын бөлу бөлігінде бұзушылықтарды анықтады, бұл төлемді дұрыс есептелмеуіне әкеп соқтырды.

Осыған байланысты, «Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы» МКК-на қатысты Әкімшілік құқық бұзышулық туралы кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша 3 әкімшілік іс қозғалды, сондай-ақ жоғарыда аталған үйлердің тұрғындарына жылумен жабдықтау қызметтері үшін негізсіз есептелген сома мөлшерінде қайта есептеу жүргізуді талап ететін нұсқамалар енгізілді, - делінген 

Қозғалған әкімшілік істерді қарау қорытындысы бойынша, Қостанай қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының 2022 жылғы 18 сәуірдегі қаулысымен осы табиғи монополия субъектісі жалпы сомасы 14 702 400 теңгеге айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алайда, жоғарыда көрсетілген істерді «Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы» МКК-ның шағымы бойынша қайта қарау нәтижесінде Қостанай облыстық соты жоғарыда көрсетілген қаулының күшін жойды, осы істер бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қостанай облыстық сотының қаулысымен келіспей, ТМРКД кассациялық шағым жолдады, оны қарау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 3 наурыздағы №6кп-14/23 қаулысымен Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 8 тамыздағы қаулысының күші жойылды, ал әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соттың қаулысы 2022 жылғы 27 сәуірдегі өзгеріссіз қалды.

Осылайша, Қостанай қаласының тұрғындарына жоғарыда көрсетілген мекенжайлар бойынша жылумен жабдықтау қызметтері үшін негізсіз есептелген сомалар мөлшерінде қайта есептеу жүргізілетін болады.

Департамент табиғи монополиялар субъектілерінің табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді.

Өзгелердің жаңалығы