"Қостанай тозақ отында өртенеді". Аноним оқушыларды "өлтіремін" деп хабарлама таратқан

14 Ақпан 2024, 11:50
658
Бөлісу:
"Қостанай тозақ отында өртенеді". Аноним оқушыларды "өлтіремін" деп хабарлама таратқан
Фото: BAQ.KZ - архив

Қазір фейк ақпаратты таратқан аноним іздестіріліп жатыр. Полиция департаменті әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарату дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Таратылған хабарламаның авторы №3 мектеп-гимназия "жасаған күнәсі үшін жауап беретінін" және 15 ақпанда мектептегі оқушыларға жаппай оқ атылатынын мәлімдеген. Аноним дәл осы оқиға басқа мектептерде де болатынын, "Қостанай тозақ отында өртенетінін" хабарлаған.

Фейк ақпаратты таратқан адамды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бірер күн бұрын Қарағандыда жалған ақпарат таратқан 13 жасар оқушы ұсталған болатын.

Полиция арандатушылыққа бой алдырмауға, жалған ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы