Қостанай сайлау науқанына дайын ба?

2 Қараша 2022, 17:42
826
Бөлісу:
Қостанай сайлау науқанына дайын ба?

Қостанай облысында халықтық коалиция атынан президентікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізілуде, хабарлайды BAQ.KZ  сол өңірдегі тілшісі.

Саяси партия  өкілдері мен  қоғамдық бірлестіктер кандидаттың сенімді өкілдері ретінде бекітілді. Өңірде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары болып республикалық және облыстық  қоғамдық штабқа   51 сенімді өкіл тіркелді.

Қостанай сайлау науқанына дайын ба?

 

 Бүгінде 21 қазан айында 18:00 ден  бастау алған үгіт-насиахат жүмыстары қарқынды. Олар сенімді өкілдердің қатысуымен Қостанай облысының 17 ауданы мен 3 қаласында өткізілуде. 

Қостанай сайлау науқанына дайын ба?

Халықтың түрлі салаларын қамтыған кездесулер ашық әрі еркін форматта өтуде. Бүгінде 30 мыңнан астам халықты қамтыған 623 кездесу шаралары өткізілді, -  дейді Тоқаевты қолдау мақсатында құрылған облыстық штап төрағасы Серік Бектұрғанов.
 

Өзгелердің жаңалығы