Қостанай қаласының тұрғыны өз пәтерінен өлі күйінде табылды

18 Қараша 2023, 12:37
656
Бөлісу:
Қостанай қаласының тұрғыны өз пәтерінен өлі күйінде табылды
Фото: Нұркен Алишев

Қостанай қаласының 61 жастағы тұрғыны өз пәтерінен күштеу белгілерімен өлі күйінде табылды. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бейресми мәліметтер бойынша, қаза тапқан адам сегізінші ықшам аудандағы үйлердің бірінде тұрған. Қайғылы оқиға 16 қарашада болды, деп хабарлайды "Костанайские новости" өңір полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 99-бабы, "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен 51 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды, - дейді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.

Полиция болған оқиғаның егжей-тегжейін тергеудің құпия болуына байланысты жария етуден бас тартты.

Өзгелердің жаңалығы