Қостанай облысының прокурорлары қару айналымын тексерді

Бүгiн, 14:34
109
Бөлісу:
Қостанай облысының прокурорлары қару айналымын тексерді
Фото: Қостанай облысының прокуратурасы

Қостанай облысының прокуратурасы азаматтық қару айналымы саласындағы заңнаманы қолдану мәселелерін талдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске сәйкес отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасау азаматтық қару айналымы саласындағы рұқсаттың қолданылуын тоқтату үшін негіз болып табылады.

Мысалы, Қостанай тұрғыны сот қаулысымен отбасылық-тұрмыстық саладағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған қатысты тіпті қорғау ұйғарымы шығарылды, алайда уәкілетті орган оның рұқсатының қолданылуын тоқтату жөнінде шаралар қабылдаған жоқ.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 494 бұзушы білімін тексеруге жіберілді, 19 отбасылық агрессорға қатысты қаруды алып қою арқылы рұқсаттардың күшін жою жөнінде шаралар қабылданды.

Тиісті бақылаудың және уақтылы шаралардың жоқтығы үшін кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қару айналымы саласындағы заңнама нормаларын сақтау прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы