Қостанай облысының өрт сөндірушілері 13 адамды эвакуациялады

Бүгiн, 08:25
126
Бөлісу:
Қостанай облысының өрт сөндірушілері 13 адамды эвакуациялады
Фото: скрин

Арқалық қаласында Байтұрсынов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде бірінші қабаттағы пәтерде электр велосипедтің аккумуляторы жанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ күшімен түтін аймағынан баспалдақ маршы арқылы 13 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды.

Бірнеше минут ішінде өрт сөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізді. Өрттің себебі – электр велосипед аккумуляторының қысқа тұйықталуы екені анықталды. Өрт өздігінен сөніп, бөлме түтіннен желдетіп тазартылды. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы