Қостанай облысының бұрынғы әкімі қайтыс болды

Бөлісу:
Қостанай облысының бұрынғы әкімі қайтыс болды
Фото: Instagram/qumaraqsaqalov

Белгілі мемлекет қайраткері Кенжебек Укин 85 жасында қайтыс болды. 90-жылдардың басында ол Қостанай облыстық әкімшілігін басқарған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шенеуніктің қайтыс болғаны туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жазды. Укиннің туғандары мен жақындарына көңіл айтты.

Кенжебек Укинович Укиннің өмірден озғаны туралы суық хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Ол елдің дамуына үлкен үлес қосқан абыройлы мемлекет және қоғам қайраткері болды. Кенжебек Укинович еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, облыс әкімшілігінің басшысына дейінгі ұзақ жолды жүріп өтті. Ол, әсіресе, Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастыру жылдарындағы қиын кезеңдерде ерен еңбегімен танылды. Марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Оның еңбегі мен парасаты болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі болып қалады. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, - деп жазды Құмар Ақсақалов Instagram-парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы