Қостанай облысында жол апатынан ер адам мен үш айлық нәресте қаза тапты

Жол апатынан үш айлық бала мен жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

 ©BAQ.KZ/жасанды интеллект Бүгiн 2026, 12:20
Бүгiн 2026, 12:20
203
Фото: ©BAQ.KZ/жасанды интеллект

Алматы - Екатеринбург халықаралық маңызы бар жолда екі көлік соқтығысып, ер адам мен үш айлық нәресте қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қостанай облыстық ПД жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Audi 80 жеңіл автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін сақтамай, қарсы бағытқа шығып кетіп, Jac S5 жол талғамайтын көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, есін жимастан 2025 жылы туған жолаушы (үш айлық қыз бала) қайтыс болды, – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицейлер жүргізушілерді жолдарда барынша мұқият және сақ болуға шақырады.

 

Наверх