Қостанай облысындағы ірі қарадан бруцеллез шыққан ауылға шектеу енгізіледі

Қамысты ауылында табындағы ірі қарада мал бруцеллезінің пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 архив 22 Тамыз 2023 2023, 00:42
22 Тамыз 2023 2023, 00:42
724
Фото: архив

Қамысты ауылында табындағы ірі қарада мал бруцеллезінің пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облысының Қамысты ауданына қарасты Қамысты ауылында ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталды. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Қамысты ауылдық округінің әкімінің шешім-жобасында жазылды.

Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылындағы №1 шалғайдағы табында (Р. Хусаинов) ірі қара мал бруцеллезінің пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін. Анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге арналған қажеттi ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілсін, – деп жазылған құжатта.

Наверх