Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Бөлісу:
Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Фото: архив

Бүгін Қостанай-Аманқарағай-Сұрған тас жолында бірнеше адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Наша Газета басылымы жазды.

Оқиға сағат 15:00 шамасында Қарасу ауданына қарасты Герцено ауылынан 10 шақырым жерде болған. Volvo және Toyota Alphard автокөліктері соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды, тағы үшеуі Аманқарағай аудандық ауруханасына жеткізілді, – деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, қаза тапқандардың барлығы Toyota Alphard көлігінде болған.

Полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша (Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) тергеу жұмыстарын бастады.

Өзгелердің жаңалығы