Жол апаты ақпанның 7 күні Қостанай-Қарабұтақ тас жолының 470 шақырымында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
JAC S3 автокөлігінің жүргізушісі алдындағы машинаны басып озғысы келіп қауіпсіздікке көз жеткізбестен қарсы қозғалыс жолағына шығып, ауыр жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты: 9 жасар балалар және олардың 33 жастағы анасы. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Осы оқиғаға қатысты ҚК 345-бабы 4-бөлімі "Жол жүру ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.