Оқыс оқиға бүгін сағат 12:36-да болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы "Наша газета" телеграм-каналы жазды.
Белгілі болғандай, оқыс оқиға бүгін сағат 12:36 шамасында Энергетиктер, 1 (бұрынғы Красный партизан) мекенжайындағы "Амангелді" тұрғын алабында орын алған.
ТЖД мәліметінше, газ-ауа қоспасы жарылысынан бір қабатты ғимарат қираған. Салдарынан 7 адам үйінді астында қалған.
Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімі де жарылыс болған жерге келді. Жедел штаб құрылды.