Жақында ғана 25 елді мекені таратылған Қостанай облысында жаңа ауылдық округ құрылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ашық НҚА порталында әкімдік қаулысы мен мәслихаттың бірлескен шешім-жобасы жарияланды.
Степное ауылын округ орталығы деп белгілеп, құрамында Жітіқара ауданының Степной және Аққарға ауылдары бар Жітіқара ауданының Степной ауылдық округі құрылсын, – деп жазылған Ашық НҚА порталында.
Құжат облыс әкімі мен мәслихат төрағасы қол қойып, ресми жарияланғаннан 10 күн өткеннен кейін күшіне енеді.