Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қостанай облысында тасжол жабылды

26 Наурыз 2023, 14:44
1196
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қостанай облысында Торғай-Шилі-Аралкөл тасжолы жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, жолдың 108-шақырымын су басқан. Ең жақын елді мекен 15 шақырым жерде, мұнда жылыту пункті де бар.

Су шайған тасжолда полиция мен құтқарушылар кезекшілік етіп жатыр. Жедел ақпаратқа сәйкес, көлік кептелісі байқалмайды, сондай-ақ елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы