Қостанай облысында тасқынға байланысты жол жабылды

Алдын ала мәлімет бойынша, жол 2026 жылғы 5 сәуір сағат 08:00-де қайта ашылады.

 BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Кеше 2026, 22:21
Кеше 2026, 22:21
154
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қостанай облысында су тасқынына байланысты бірқатар жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 27 наурыз сағат 22:00-ден бастап «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 0–9 шақырым аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды. Бұған су деңгейінің көтерілуі (ұзындығы 70 м, биіктігі 20 см) себеп болған, - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол 2026 жылғы 5 сәуір сағат 08:00-де қайта ашылады.

Наверх