Қостанай облысында құтқарушылар өзен жағаларын бекітіп жатыр

26 Наурыз 2025, 10:38
292
Бөлісу:
Қостанай облысында құтқарушылар өзен жағаларын бекітіп жатыр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ құтқарушылары мен әскери қызметшілері Қостанай облысында су тасқынына қарсы күресті жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Амангелді ауданында ТЖМ құтқарушылары мен М. Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінің екінші құтқару батальонының әскери қызметшілер тобы жұмыс істеуде. Амангелді ауданында жағалау сызығын нығайту, өзен арналарын тазарту, су айдау және жергілікті тұрғындарға көмек көрсету ұйымдастырылды.

Қостанай облысында құтқарушылар өзен жағаларын бекітіп жатыр

Сондай-ақ құтқарушылар мен әскери қызметкерлер Солтүстік Қазақстан облысында қаптарды құмға толтырып, өзен жағаларын бекітіп жатыр. Құтқарушылар мен әскери қызметшілердің үйлесімді жұмысы су тасқыны кезеңінен ауыр зардаптарсыз өтуге көмектеседі, - деп жазды ТЖМ телеграм арнасы.
 

Өзгелердің жаңалығы