Бұл туралы Бас прокуратураның ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қостанай облысы Бейімбет Майлин атындағы прокуратураның қадағалау актісі бойынша монополияға қарсы орган Тобыл кентінің тұрғындары үшін «Тобыл» МКК-ны жүргізетін жылумен жабдықтауға, сумен жабдықтауға және су бұруға тарифтерді төмендету жөнінде шаралар қабылдады, сондай-ақ өтемдік тариф енгізілді.
Атап айтқанда, «Тобыл» МКК-ның қызметінде тарифтік сметаны орындамау және 2022 жылға 79 млн теңге мөлшерінде амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды.
Тұрғындарға келтірілген залалды өтеу мақсатында «Тобыл» МКК-ны 2023 жылғы 1 қазаннан бастап тарифті 4 547,33 теңгеден 3 655,60 теңгеге дейін, ал кәсіпкерлер үшін 5 784,14 теңгеден 4 649,87 теңгеге дейін төмендететін болады. Сондай-ақ сумен жабдықтау тарифі 524,95 теңгеден 408,19 теңгеге дейін және су бұруға 266,08 теңгеден 234,84 теңгеге дейін төмендетілетін болады, - деп жазды Қостанай облысының прокуратурасы.
Осылайша, Тобыл кентінің 2 мыңнан астам абонентінің, оның ішінде 87 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.