ҚазАвтоЖол Қостанай облысындағы көлік қозғалысын шектеу туралы жедел ақпарат ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылғы 16 желтоқсанда сағат 17:00-де Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 108-232 шақ., (Әулиекөл а. - Ақмола обл.шек.) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, - делінген компанияның хабарламасында.
Жол қозғалысының жоспарланған ашылуы – 2024 жылдың 17 желтоқсаны сағат 08:00-де.
Қосымша ақпаратты тәуліктің кез келген уақытында байланыс орталығының 1403 нөмірі арқылы алуға болады.