Қостанай облысында гуманитарлық көмекке 820 млн теңге бөлінеді

4 Қыркүйек 2022, 16:25
1365
Бөлісу:
Қостанай облысында гуманитарлық көмекке 820 млн теңге бөлінеді

Облыс бюджетінен өңір билігі ТЖ режиміне байланысты зардап шеккен аудандардың тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ .

Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты.

Біз жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияладық. Бүгінде облыс әкімінің резервінде 820 млн теңге бар, бұл ақша әзірше қолжетімді. Қажет болса, біз қосымша ақша бөлеміз. Бұл ақша бірінші кезекте гуманитарлық көмекке, көмек көрсетуге, тұруға, тамақтануға бағытталады. Сонымен қатар, қосымша қаражат сұраймыз, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейк, Қостанай облысы Әулиекөл ауданынд өрт болып, салдарынан  3000 гектардан астам қарағай мен аққайыңнан тұратын орман өртеніп жатыр. 

Кеше түске қарай Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Әулиекөл ауданындағы алапат орман өрті болып жатқан жерге ұшып барған болатын. Өрт 2 қыркүйекте сағат күндізгі 15:10- де Қазанбасы ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан «Басаман» орман шаруашылығы мекемесі аумағында тұтанған болатын.

Содан бері тілсіз жау көршілес орналасқан Әулиекөл мен Қарасу аудандарының ауылдарына қауіп төндіріп отыр.

Өзгелердің жаңалығы