Қайғылы жағдай Федоров ауданының Кенерал ауылында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің алдын-ала мәліметінше, 2014 және 2015 жылы туған қыздар ересектердің қарауынсыз жабдықталмаған жерде шомылған.
Құтқарушылар Үй өзенінен бір қыздың жансыз денесін шығарды. Екінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасуда, – делінген хабарламада.
ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.