Қостанай облысында 96 млн теңгені талан-таражға салғандар сотталды

31 Шілде 2022, 18:27
1504
Бөлісу:
Қостанай облысында 96 млн теңгені талан-таражға салғандар сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.2021 жылдың ақпан айында «Агрорпромтрейд 2030» кәсіпорны бірнеше ауылшаруашылық құрылымымен картоп тұқымын сату және сатып алу туралы келісім-шарт жасасқан. 

Кейін осы келісім-шарт негізінде облыстық ауылшаруашылық басқармасына тұқым сатқаны үшін субсидия аудару туралы өтінім берген. 

Тексеру барысында бұл шаруашылықтардың ешқайсы аталған кәсіпорыннан тұқым сатып алмағаны, тіпті кейбіреуі мүлде картоп екпейтіні немесе жұмысын әлдеқашан тоқтатқаны әшкереленді. 

Осы заңсыздыққа байланысты 5 қылмыстық іс қозғалып жуырда сот үкімі шықты.

Өзгелердің жаңалығы