Қостанай мен Жетісу облыстарында тағы екі жайлы мектеп ашылды

5 Қараша 2024, 14:01
320
Бөлісу:
Қостанай мен Жетісу облыстарында тағы екі жайлы мектеп ашылды
PHOTO
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды іске асырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық жоба аясында Қостанай облысының Заречный кентінде және Жетісу облысының Жаркент қаласында тағы екі білім беру ұйымы пайдалануға берілді.

Қостанай мен Жетісу облыстарында тағы екі жайлы мектеп ашылды

Мектептер 900 және 1200 оқушы орындарына арналған. Мұнда 100-ден астам оқу кабинеті, оның ішінде зертханалары бар физика, химия, биология кабинеттері, робототехника және STEM зертханалары бойынша сыныптар, сондай-ақ 3 спорт залы бар.

Қостанай мен Жетісу облыстарында тағы екі жайлы мектеп ашылды

Білім беру нысандарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін де барлық жағдай жасалған: пандустар, тұтқалар, көру қабілеті төмен жандарға арналған ескерту жүйелері, таблолар мен бағдарлар орнатылған.

Қостанай мен Жетісу облыстарында тағы екі жайлы мектеп ашылды

Естеріңізге сала кетейік, биылғы оқу жылының басынан елімізде 82 мыңға жуық оқушы орынына арналған 30 жайлы мектеп ашылды.

Қостанай мен Жетісу облыстарында тағы екі жайлы мектеп ашылды

Оның ішінде 9 мектеп Астанада, 6 мектеп Ақмола, 3 мектеп Алматы облыстарында және екі мектептен – Атырау және Жамбыл облыстарында, бір мектептен – Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Қостанай және Жетісу облыстарында, сондай – ақ, 1 мектеп Алматы, 2 мектеп Шымкент қалаларында ашылды.

Қостанай мен Жетісу облыстарында тағы екі жайлы мектеп ашылды

2025 жылдың соңына дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қазіргі заманғы форматтағы 217 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қостанай мен Жетісу облыстарында тағы екі жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы