Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде коронавирус індетін жұқтырған соңғы науқастар жайлы мәлімет. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі мәлімдеді.
Қостанай облысы - 2 жағдай бойынша:
Жаңа екі науқас Қостанай облысының Жітіқара қаласында тұрады. Олар 12 сәуірде "пневмония" диагнозымен Жітіқара орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Екі күннен кейін, 14 сәуірде COVID-19 оң нәтижесі анықталды. 65 және 74 жастағы қарт адамдар. Олар бірге тұрады. Жітіқара ауруханасына жоғары температураға, ентігу, әлсіздік шағымдарымен түскен. ПТР-диагностиканың нәтижелері емделушілерде коронавирустық инфекцияға оң нәтиже бергенін көрсетеді - делінген хабарламада.
Қазір дәрігерлер ауру адамдардың байланыста болғанын анықтап, коронавирусты қалай жұқтырғанын анықтауда.
Ақмола облысы - 6 жағдай бойынша:
1967 жылғы ер адам Көкшетау қаласының тұрғыны. Ол бұрын ЖРВИ белгілерімен Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің жұқпалы бөліміне жатқызылып, КВИ жұқтырған адамдармен байланыста болған. Сондай-ақ, КВИ диагнозы Целиноград ауданының 5 тұрғынынан - 1982 және 1954 жылғы әйелдерден, 1985 жылғы ер адамнан және 2010 және 2003 жылы туған екі баладан анықталды. Олардың барлығы 12 сәуірде зертханалық-расталған жағдайға жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық тексеруден кейін оқшауланған науқастар болды - делінген хабарламада.