Қостанай ауданында уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы ашылды

14 Қараша 2024, 08:22
241
Бөлісу:
Қостанай ауданында уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы ашылды
Фото: скрин

Қостанай ауданының Тобыл қаласында алғаш рет уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «31 арна» каналына сілтеме жасап.

Азаматтарды уақытша оңалту орталығы аудан тұрғындары үшін "Жол картасын" іске асыру аясында, жергілікті психикалық денсаулық базасында өз жұмысын бастап отыр.

Орталықтың бүгінгі ресми ашылу рәсіміне жергілікті аудан басшылары, полиция департаменті және денсаулық сақтау басқармасы өкілдері қатысты. Жаңа мекеме құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста бірлесе жұмыс жасап, тәулік бойы қызмет атқарады. Мекемеде ішімдік пен есірткі зардабынан ауыр ауыр халде жеткізілген азаматтарға арнайы 10 жатын орын қарастырылып, 15 жоғары санаттағы, тәжірибелі медициналық мамандар тартылған.

Қостанай облысының ең ірі аудандарының бірінде бұл мекемені ашу қажеттілігі бұрыннан назарда болған, себебі бұдан бұрын қоғамдық тәртіпті бұзған мас азаматтарды облыс орталығына тасымалдауға тура келетін. Оңалту орталығығының медициналық айықтырғыштан басты ерекшелішгі – мұнда полиция қызметімен жеткізілген азаматтар - науқастар болып саналады әрі жоғары білікті дәрігерлерге табысталады. Біздің міндетіміз - оларға дер кезінде мамандандырылған көмек көрсетіп, мастық дәрежесін анықтау, емдеу бөліміне жатқызып, қалыпты жағдайға келтіру және туыстары мен жақындарына табыстау. Медициналық көмек көрсету шарттарына сәйкес, орталық базасында олар арнайы сараптамадан өтуі тиіс, соның нәтижесінде жеңіл дәрежеде мас болған адамдар амбулаторлық емделуге жіберіледі. Ал орташа дәрежедегі мас науқастар мамандандырылған палаталарда стационарлық ем қабылдайды, – деп атап өтті мекеме басшысы Самат Шуменбаев.

Биылғы жылы Қостанай ауданына қызметке 9 психиатр-нарколог маман алынған, осы арқылы өңірдегі кадр тапшылығы толықтырылды. Орталықта келіп түскен науқастардың тиісті ем-дом қабылдауына жан-жақты жағдай жасалған: заманауи материалдық-техникалық база, стационарлық емдеу бөлімінде қарқынды терапия палаталары, әкімшілікпен қатар фельдшерлер, медбикелер, науқастарды бақылау бойынша санитарлар жұмыс істейтін болады. Мекеме қызметкерлерінің бір бөлігі Қостанай қаласынан тартылды, бұл аудандық әріптестерімен кең тәжірибе алмасуға ықпал етеді. Барлық қызметкерлер біліктілігін арттырып, арнайы дайындықтан өткен және мекемеде жұмыс істеу үшін тиісті құжаттары бар, себебі мұнда спирттік ішімдіктерді мөлшерден тыс ішкен, ауыр халдегі науқастармен кәсіби тұрғыда жұмыс жасау басты назарда.

Мекеменің жұмысы барысында полиция қызметкерлері жеткізген азаматтар алдымен тіркеуден өтеді, олардың әрқайсысына құжаттама жүргізіліп, бойындағы жарақаттарының бар-жоғы анықталады. Полиция қызметкерлерінің қатысуымен бағалы заттардың тізімдемесі жүргізіледі, науқастар оңалған соң өздерімен бірге құнды заттарының бар-жоқтығын анықтау үшін барлық палаталарда аудио-бейнетіркеу жүргізіледі. Бұл шара емделушілердің қауіпсіздігіне де бағытталған. Орталық базасындағы жаңа жабдықттармен толыққан, заманауи құрылғыларың қатарында адамның биологиялық сұйықтығында қандай да бір есірткі құралдарының бар-жоғын анықтайтын кең талдамалық мүмкіндігі бар анализатор, газ хроматографы қолданылатын болады. Сондай-ақ, алкогольдік мас болу дәрежесін неғұрлым сапалы зерттеу үшін науқастар тұтынатын спирттік ішімдіктер мен есірткі заттардың түрлерін анықтайтын қабілеті неғұрлым қуатты аппаратты енгізу жоспарлануда.

Өңірлерде уақытша бейімделу және интоксикация орталықтарын ашу - медицина қызметкерлерінің құқық қорғау органдарымен бірлескен жоспарлы жұмысы екенін айта кеткен жөн. Орталық қызметінің негізгі миссиясы - қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ көше және отбасылық-тұрмыстық қылмыстың жолын кесу болып табылады. Бұл бірлескен жұмыс арқылы аудан аумағында мас күйінде жасалған құқыққа қайшы әрекеттердің төмендеп, тәртіп бұзушылықпен күрес оң нәтиже берері сөзсіз", – деген пікірде Самат Шүменбаев.

Өзгелердің жаңалығы