Қосшы қаласында аулада ойнап жүрген екі жасар баланы көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға бүгін, 2025 жылдың 5 сәуірінде орын алған. Қайғылы жағдайдың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.
Аталған фактіні Ақмола облыстық Полиция департаменті растады. Қазіргі уақытта полиция тергеу амалдарын жүргізуде.
«5 сәуір күні Қосшы қаласындағы тұрғын үй ауласында KIA Sportage көлігін басқарған жүргізуші 2023 жылы туған қыз баланы қағып кетті. Салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды»,– делінген облыстық ПД хабарламасында.