Қошқарбаев даңғылында жөндеу жұмыстары басталды

Астанада Р.Қошқарбаев даңғылының Б.Момышұлы даңғылынан бастап Тәуелсіздік даңғылына дейінгі бөлігінде жол төсемінің орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Арман Мухатов  - Архив 9 Тамыз 2023 2023, 14:40
9 Тамыз 2023 2023, 14:40
886
Фото: - Архив

Астанада Р.Қошқарбаев даңғылының Б.Момышұлы даңғылынан бастап Тәуелсіздік даңғылына дейінгі бөлігінде жол төсемінің орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты 9-20 тамыз аралығында автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.

Наверх